Аймақтар
2 мин оқу 522

Мектеп құрылысына маңыз берілген

<p style="text-align: justify;">Орта мектептердегі үш ауысымдық оқытуды жою мәселесі Қарағанды облысында да өткір тұр. Әлбетте, бұл тығырықтан шығудың жолдарын табу үшін жергілікті атқарушы билік қолдан келгеннің бәрін жасап бағуда.</p>

Мектеп құрылысына маңыз берілген

Қарағанды облыстық құры­лыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметі бойын­ша, биылдың өзінде облыста әлеуметтік маңызы бар 20-дан аса нысан салу жоспарланған. Қазіргі уақытта 1 300-ден аса бала оқитын төрт мектептің құ­ры­лысы басталды. Облыс орта­лығында және Жаңаарқа ауда­нында екі білім нысаны пайда болады. Қарағандыда, Май­құдық елді мекенінде салынып жатқан оқу орны 600 орынға, ал Жаңаарқа кентінің мектебі 464 орынға есептелген.

Бұдан бөлек Шет ауда­нын­дағы Киікті ауылында 150 орындық мектептің құрылысы қызу жүргізілуде. Жез­қаз­ған­дағы Теректі стансасында 80 орындық тағы бір ғима­рат салынып жатыр. Міне, ма­мандардың есебінше, осы құры­лыстардың нәтижесінде облыстағы үш ауы­сыммен оқыту мә­се­лесінің түйіні шешіліп, ол­қы­лықтың орны толмақ.

Ал Сәтбаев пен Жезқазған қалаларындағы әрқайсысы 320 орындық екі балабақша құ­ры­лысы өңірдегі 640 баланы мектепке дейінгі біліммен қам­­тамасыз етуге мүмкіндік береді. Қарағандыда қыздарға ар­налған «Білім-инновация» ли­цейінің ғимаратына екі қа­батты қосымша құрылыс салу жоспарда бар.

Денсаулық сақтау саласында да бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Мысалы, Майқұдық пен Сұрыптау елді мекендерінде үш жедел медициналық жәрдем қо­салқы стансасының құрылысы жүріп жатыр.

Қарағандыда 200 төсектік облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Сонымен қатар облыс орталығында позитронды-эмиссиялық компьютерлік томография орталығы, №1 көпбейінді аурухана жанындағы қабылдау-диагностикалық бөлімше және облыстық онкодиспансердің опе­рациялық-реанимациялық бло­гы салынуда.

Сонымен қатар Нұра ауда­нын­дағы Кертінді ауылында фельдшерлік-акушер­лік пункт­тің құрылысы медици­на­лық қызметке зәру жергілікті ха­лықтың қажетін өтейтіні сөзсіз.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Мектеп құрылысына маңыз берілген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар