Әлем
1 мин оқу 263

АҚШ Солтүстік Кореяға вакцина жеткізуден бас тартты

<p style="text-align: justify;">Америка Құрама Штаттары CОVID-19-ға қарсы вакциналарын Солтүстік Кореяға жеткізуден бас тартты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="http://www01.koreaherald.com/view.php?ud=20210723000092" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Korea Herald</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі мәлімдеді. Ол Вашингтонның әлі де «Солтүстік Кореядағы гуманитарлық жағдайға қатты алаңдайтынын», бірақ вакциналармен бөлісуге ниеті жоқ екенін айтты.

«Қазір бізде КХДР-мен вакцина бөлісу жоспарда жоқ. Сайып келгенде, КХДР-ға қатысты саясатты қайта қараудың мақсаты - өз мүдделерін қорғау ғана емес, сонымен бірге Солтүстік Кореядағы гуманитарлық жағдайды жақсарту», делінген хабарламада.

Сонымен бірге Прайс Пхеньян америкалық дәрі-дәрмектерді алуға келісім беретініне күмәнданатынын атап өтті.

Бұған дейін ДДҰ Солтүстік Кореяда аурудың бірде-бір жағдайы тіркелмегенін айтқан болатын.

Бөлісу:
АҚШ Солтүстік Кореяға вакцина жеткізуден бас тартты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар