Экономика
1 мин оқу 660
Доллар тағы да арзандады
<p style="text-align: justify;">Доллар теңгеге қатысты төмендеуді жалғастыруда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://kase.kz/ru/">KASE</a> Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сүйене отырып.</p>
Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,04 теңгеге төмендеп, 424,66 теңгені құрады.
Kurs.kz ұсынған деректерге сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 424,83 теңге, ал сатылымы - 426,43 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласының алмастыру орындарында америкалық валютаны орта есеппен 425,03 теңгеден сатып алып, 426,25 теңгеден сатуға болады.
Ұлттық банктің 23 шілдедегі ресми доллар бағамы 425,71 теңгені құрайды.
Бөлісу: