Оқиға
1 мин оқу 305
Ақтауда есірткі сатқан бойжеткен ұсталды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбелік 23 жастағы бойжеткен Ақтауда есірткімен ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
2021 жылы 8 шілде күні Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, жалпы салмағы 50 грамм «мефедрон» есірткі заттарын сатқаны үшін Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.
Ұсталған азаматшаға қатысты тергеу органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бөлісу: