Әлем
1 мин оқу 350

Ақ үйдің жанында атыс болды

<p style="text-align: justify;">Вашингтонның Ақ үйге жақын аудандарының біріндегі мейрамхана жанында белгісіз біреу оқ жаудырды. Салдарынан екі адам жарақат алған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.bbc.com/news/world-us-canada-57937868">ВВС</a> сайтына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Куәгерлердің айтуынша, қарулы адам Ақ үйден 1,5 км қашықтықта орналасқан мексикалық мейрамханаға қарай оқ атқаннан кейін көлігімен қашып кеткен. 

Жергілкті бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, елдегі зорлық-зомбылық қылмыстарының деңгейінің төмендеуіне қарамастан Американың көптеген қалаларында атыс қаруын қолданып шабуыл жасаушылар саны өсуде.

Бөлісу: