Аймақтар
1 мин оқу 365

Атырауда бір күнде 500-ге жуық адам коронавирусқа шалдықты

<p style="text-align: justify;">Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 278 науқас Атырау қаласында анықталып отыр. Ал, Теңіз кен орнында 29 науқас тіркелген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда бір күнде 500-ге жуық адам коронавирусқа шалдықты

Жылыой ауданында 86, Индерде – 23, Исатайда – 23, Құрманғазыда – 19, Махамбетте – 19, Қызылқоғада – 6, Мақат ауданында 6 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылды.  

«Қазір үйінде емделу үшін 2848 адам оқшауланды. Аудандардағы инфекциялық стационарларда 295, ал, №2 облыстық ауруханада 207, модульдік ауруханада 197, кардиологиялық орталықта 110, теміржол ауруханасында 108, фтизиопульманологиялық орталықта 100 науқас емделіп жатыр. Теңіз кен орындағы стационарда жатқан пациенттердің саны 165 адамға жетті», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда бір күнде 500-ге жуық адам коронавирусқа шалдықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар