Елордада 26 шілдеден бастап жаңа автобус жүреді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында 26 шілдеден бастап жаңадан № 30 қалалық бағдар іске қосылады. Ол «Өндіріс» – GreenLine» бағытында қатынайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің <a href="https://www.instagram.com/p/CRqxZwkrip0/?utm_medium=copy_link">Instagram</a> парақшасына сілтеме жасап.</p>
«Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындарына көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, 26 шілдеден бастап «Өндіріс» – GreenLine» қатынасымен жаңа №30 қалалық бағдар іске қосылатынын хабарлаймыз. Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Бағдардың жүрісін 2GIS қосымшасында нақты уақыт режимінде қадағалау 1 тамыздан бастап мүмкін болады», деп жазылған әкімдік хабарламасында.
