Коронавирус
2 мин оқу 424

Алматыда 26 шілдеден бастап карантин күшейтіледі

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері&nbsp;халық арасында коронавирустың үнді штамының таралуына байланысты жаңа <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/documents/details/194477?lang=kk">қаулыға </a>қол қойды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Құжатқа сәйкес, шектеу шаралары 26 шілдеден басталады.

Барлық мейрамхана, кафе және кофехана сияқты жабық қоғамдық тамақтандыру орындары «Ashyq» жобасына қатысып-қатыспайтынына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері тек үйге жеткізу қызметімен жұмыс істейді. Ал жұмыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатыны - сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін, «Ashyq»-қа қатыспайтын 50 орыннан аспайтын тамақтану орындары 7:00-ден 17:00-ге дейін залын тек 50% толтыру арқылы жұмыс істей алады. 

Дәл осындай ережелер жазғы алаң, асхана типі бойынша тамақтандыру объектісі, 20%-ға дейін ғана толатын фуд-корт, монша, сауна, курорттық орталық, боулинг пен караокеге де қатысты.

Ашық және жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес), сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері де демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал жұмыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар - 7:00-ден 20:00-ге дейін,  жобаға қатыспайтыны 7:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Саябақтар, жаяу жүргіншілер демалатын орындар (Арбат) демалыс және мереке күндері жабық.

Қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Банкет залдары (еске алу шаралары, мейрамхана мен кафе қызметтері) «Ashyq»-сыз жұмыс істемейді. Жобаға қатысушыларға жұмыс күндері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін залын тек 30%-ға толтыру арқылы жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Бассейндерге, жабық аквапарктерге тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын ашық бассейндер мен аквапарктарға жұмыс күндері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етіледі.

Қаулының толық нұсқасын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынан алуға болады.

Бөлісу:
Алматыда 26 шілдеден бастап карантин күшейтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар