Аймақтар
1 мин оқу 550

Атырауда іздеуде жүрген жасөспірім бөтеннің көлігін ұрлаған

<p style="text-align: justify;">Бөтеннің көлігін ұрлаған жасөспірімге 10 күн бұрын іздеу жарияланған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда іздеуде жүрген жасөспірім бөтеннің көлігін ұрлаған

Полицияның кезекші бөліміне Атырау қаласының 39 жастағы тұрғыны үй ауласында тұрған көліктің ұрланғаны туралы шағым түсірген.

«Осыған байланысты полицейлер жедел-іздестіру жұмысын жүргізіп, ұрланған көлікті Исатай ауданынан тапты. Көлік ұрлығына күдікті 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Он күн бұрын үйінен шығып кетіп, оралмаған жасөспірім ұрланған көлікпен саяхат жасамақ болғанын мойындады. Автокөлік иесіне қайтарылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Атырауда іздеуде жүрген жасөспірім бөтеннің көлігін ұрлаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар