Ел және Елбасы
1 мин оқу 211

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

<p style="text-align: justify;">Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі <a href="https://elbasy.kz/ru/news/2021-07/telefonnyy-razgovor-s-prezidentom-respubliki-uzbekistan-shavkatom-mirziyoevym-0" target="_blank" rel="noopener noreferrer">мәлімдеді</a>.</p>

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы белсенді жасампаз қызметіне жаңа табыстар тіледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Өзбекстан басшысының екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастарын дәйекті нығайтуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

Әңгімелесу соңында тараптар Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының жоғары деңгейін және оны екі мемлекет халықтарының мүддесі үшін одан әрі дамытудың кең перспективаларын атап өтті.

Бөлісу:
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар