TOKYO2020
1 мин оқу 350
Милад Карими Олимпиада ойындарының финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылар белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды.
Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті.
Қазақстандық спортшы Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының ақтық кезеңіне өтті.
Енді қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайтын болады.
Бөлісу: