Президент
1 мин оқу 353

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-resey-prezidenti-vladimir-putinmen-telefon-arkyly-soylesti-246328" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорда</a>-ға сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдайды негізге ала отырып, оның Орталық Азия аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тигізетін әсерін талқылады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуын қамтамасыз ету мақсатында екі мемлекеттің және өңірдегі өзге де елдердің үйлесімді іс-қимылдарының маңыздылығы атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айында Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен Ауғанстандағы жағдайды талқылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар