TOKYO2020
1 мин оқу 261

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады

<p style="text-align: justify;">Токио Олимпиадасының екінші күнін Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов сәтті бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады

Бүгін, жарыстың екінші күнінде ерлер 66 келіге дейінгі, әйелдер 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

66 келіде Қазақстан сапынан татамиге шыққан Ерлан Серікжанов алғашқы кездесуінде қарсыласын жеңді. Әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдескен ол қосымша уақытта «вазари» ұпайын еншіледі.

Ерлан Серікжановтың келесі қарсыласы әлем чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Мануэль Ломбардо болады.

Бөлісу:
Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар