Маңғыстау облысында 14 сайлау учаскесі ашық
<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысындағы 6 ауыл мен 4 ауылдық округте әкімдер сайлауы басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сайлауға барлығы 10 сайлау округі қатысады, оларда 14 сайлау учаскелері мен 14144 сайлаушылар бар.
10 округ бойынша 25 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді (5 округте 2 кандидаттан, 5 округте - 3 кандидаттан).
Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 6 ауылда, 4 ауылдық округте 14 сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де ұсынылады.