Алматы облысында 235 кандидат әкім сайлауына ресми қатысуда
<p style="text-align: justify;">Ел тарихындағы ауыл әкімдерін тұңғыш рет тікелей сайлау күні жетті. Бүгін Алматы облысында саяси бәсеке өз бастауын алды. Сонымен, Жетісу өлкесінің 71 ауылдық округіне су жаңа әкім тағайындалатын болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әуелде, саяси додада бақ сынаушылардың саны 279 болса, қазіргі таңда 235-ті құрап отыр. 44 үміткер түрлі себептермен кандидаттар қатарынан алынып қалды. Сайлауға түсішілердің 82-і саяси партия өкілдері болса, 153 адам өзін-өзі ұсынушылар болып табылады.
«Бұған дейін Іле ауданы, Чапаев ауылында 9 кандидат тіркелді деп айтылған болатын. Бүгінде ресми деректер, аталған өңірде 5 сайлауға түсуші үміткер қалғанын растауда. Әкімдікке үміткерлер ең көп тіркелген аймақ ретінде Талғар ауданы танылып отыр. Мұнда бір орынға 6 адамнан айналуда», дейді Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.
Айта кетсек, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 7:00-ден бастап облыстағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Тарихи сәтте өңірдің 220 мыңнан астам тұрғыны дауыс беруге қатысады деп күтілуде.