Аймақтар
1 мин оқу 660

Жаңа асфальт жаңбыр суына шыдамады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қостанай ауданына қарасты Алтын Дала ауылында осыдан бір ай бұрын ғана жөндеуден өткен көше апатты жағдайда тұр. Былтыр бұл елді мекенге орталықтандырылған су құбыры тартылып, биыл көшелері асфальтталған.</p>

Жаңа асфальт жаңбыр суына шыдамады

Алайда тақтайдай түзу кө­ше­нің екі жиегіне жабылған бор­пылдақ топырақты жаңбыр суы опырып шайып кетіп, жаңа асфальттың астын ұңғи бастаған. Ен­ді бір қатты жаңбыр жауса, көшенің көшіп кететін түрі бар.

Қазірдің өзінде ырсиып, ас­­фальты ажырай бастаған Абай кө­ше­сінің шетіндегі құдық­тар­дың маңайында терең  шұң­қырлар пайда бола бастады. Кө­лік пен адам түсіп кетпеу үшін тұр­ғындар оның үстіне шыбық қадап, көлік доңғалағымен жауып қойған.

Сапасыз жөнделген жолдың екі жағын қайта көміп, оны жаң­быр суы шайып кетпейтіндей етіп дұрыстап нығыздау туралы айт­қан ауыл тұрғындары жергілікті әкімнен әлі жауап ала алмай отыр.

Біз Қостанай ауданы әкімі­нің орынбасары Назарбек Қоң­­қабаевқа қоңырау шалып едік, «Бұл жайдан хабардармыз. Көшенің бір-ақ жерін ғана жаң­быр шайып кетті. Бұл түк ет­пейді. Жөндеу жұмыстарын «Уан» ЖШС жүргізген. 2 жыл­дық кепілдік мерзімі бар, осы мерзім ішінде қалпына кел­тіреді. Мердігер өзі жіберген олқылықтың орнын толтырудан бас тартса, сотқа береміз», деген жауап алдық.

Жолдың қазіргі жай-күйін тұрғындардың бірі смартфонға түсіріп алған. Бейнежазбада: «Осы асфальтқа мемлекет қо­мақты қаржы жұмсады. Ертең жолды су шайып кетсе, сол қы­руар қаржы, ерен еңбек зая кетеді ғой!», дейді кейіген тұрғын.

Бөлісу:
Жаңа асфальт жаңбыр суына шыдамады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар