Коронавирус
2 мин оқу 232

Коронавирустың жаңа штамы пайда болды

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметі алаңында еліміздегі эпидемиялық жағдай туралы айтып, әлемде коронавирус инфекциясының жаңа штамы пайда болғанын хабарлады.</p>

Коронавирустың  жаңа штамы пайда болды

 Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымы Перуде алғаш рет 2020 жылдың желтоқсанында табыл­ған және 30 елде, негі­зінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Еуропа елдерінде 3 мыңға жуық жағдай анықталған «Лямбда» штамының анық­талуы туралы мәлімдеді.

Эпидемиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан 26 маусымнан бастап «қызыл аймақта» орналасқан. «Сары аймақта» екі өңіріміз – Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары бол­са, қалған өңірдің барлығы – 15 өңір «қызыл аймақта» тұр. «Дельта» штамының таралуын ес­кере отырып, соңғы екі ап­та­да алдыңғы екі аптамен салыстырғанда жалпы республика бойынша аурушаңдықтың өсуі байқалады, оның көрсет­кіші – екі есе. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәу­ліктік ауру 4,8 есе өсті. Сырқат­танудың өсуін және денсаулық сақтау жү­йе­сіне жүктеменің артуын ес­кере отырып, шілде айында қосымша 10 мыңға жуық төсектік орын ашылды, резервте 21,4 мың­ға жуық төсектік орын қалып отыр.

Сонымен қатар дәрілік зат­тар мен медициналық бұ­йым­­дардың қажетті көлемі толық қам­­тамасыз етілген. Ауру­хана­ларда КВИ-ді емдеуге арналған дәрі­лер­дің айлық қоры, «СҚ-Фар­мация» қоймаларында және дәріханаларда екі айлық қоры қалып­тастырылған. Бар­лық өңірде 18 млрд теңгеге дәрі-дәр­мек­тердің тұрақтандыру қорлары құрылды. Сонымен қатар халықтың тестілеуге қолжетімділігі қамтамасыз етілді. COVID-19 диагностикасы үшін тәулігіне жалпы қуаты 120 мың зерттеу болатын 157 зертхана мен 66 биологиялық материал алу пункті тартылды. Тиісті контингентті вакциналау жалғасуда. Бүгінде вакцинаның 8 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1 компонентпен 5 054 970 адам егілді, бұл тиісті халықтың 51%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 075 907 адам қамтылды. Егу пункттерінде шамамен 580 мың бірінші компонент және 1 млн 190 мың екінші компонент бар.

«Вакциналау – вирустың таралуын азайтудың және бұрын­ғы өмір салтына, жұмысқа, отба­сылық дәстүрге және саяхатқа оралудың жалғыз тәсілі», деп тағы да еске салды А.Цой.

«Дельта» штамы анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы, орта есеппен бір адамнан 5-6 адамға жұғады, 7 күнге дейін қысқа инкубациялық кезең­мен сипатталады.

Бөлісу:
Коронавирустың жаңа штамы пайда болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар