Сайлау
1 мин оқу 130

Сәтімен жүзеге асқан саяси реформаның жемісі

<p style="text-align: justify;">Ауылдықтар асыға күткен ауыл әкімін сайлау ойдағыдай өтті деуге болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл саяси оқиға &laquo;Қазақстан тарихындағы маңызды кезең&raquo; болып саналады. Ел Президентінің саяси реформалар пакетінің аса маңызды бастамасы іс жүзінде табысты іске асырылып отыр.</p>

Сәтімен жүзеге  асқан саяси реформаның жемісі

Ақтөбе облысындағы сайлау процесі заңнамаға сәйкес өтті. Жексенбі күні ауылдық  округтерде өткен дауыс беру процесін 500-ге жуық байқаушы мұқият қадағалады. Сайлау учаскелерінде халықтың жоғары белсенділігі байқалды. Сондай-ақ сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өт­кім келеді. Бірінші кезекте ол азаматтардың қауіпсіздігіне бағытталған. Барлық сайлау учаскесі санитарлық қорғау ша­ра­­ларымен жабдықталған.

Еліміз халқының 40%-дан астамы ауылдық жерлерде тұра­тынын ескерсек, бұл ал­дағы саяси дамуға ерекше сер­пін беретін және жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуға  басқан қарышты қадам деп есептейміз. Оның үстіне,  ауыл тұрғындарының  сұра­ныстары мен қажет­тіліктері  қа­ла тұрғын­дарының қажеттілік­тері­нен өзгеше.  Сондықтан да ел ішін­де  ауыл мәселесін біліп қана қой­май, оларды шешу жолдарын білетін  әкімдерді тұрғындардың өздері таңдап алуы дұрыс деп санаймын. 

Ерәділ ҮББІНИЯЗОВ,

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы

Ақтөбе облысы

Бөлісу:
Сәтімен жүзеге асқан саяси реформаның жемісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар