Сайлау
1 мин оқу 270

Жоғары деңгейде ұйымдастырылды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы халыққа Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Кеше Шығыс Қазақстан облысында 300-ден астам байқаушы бақылауда ұстады. Басты мақсат &ndash; сайлау үдерісінің ашық, таза және заң аясында өтуін қадағалау болды.</p>

Жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Байқаушылар бұл жұмысты асқан ынтамен атқарды деп ой­лаймын. Олай дейтінім, ауылдың ертеңгі өмірі, әл-ауқаты бүгінгі сайланған үміт­кердің жұмысына, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты бол­мақ. Осы сайлау  бір жағынан әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігін арттырса, екінші жағынан халықтың қо­ғам­дағы мәселелерге араласып, белсенді болуына жол ашады.

Байқаушылар арнаулы оқы­тудан өтіп, заң норма­ла­рымен, мүмкін болатын жағдайлармен танысты. Оларды сайлау саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар мамандар даярлады. Айта кетерлігі, байқаушыларды не­ғұрлым жер­гілікті тұрғындар арасынан тарттық. Олар бүгін байқаушы болғанымен, ертең сол ауылда қарапайым тұрғын ретінде өмір сүреді. Сондықтан сайлаудың бұрмалаусыз өтуіне мүдделі болды.

Олардың айтуына қара­ғанда, бәрі заңға сәйкес өтті. Сани­тарлық нормалар сақ­талған, комиссия мүшелері өз жұмыстарын дұрыс атқарды. Ешқандай заңбұзушылық тір­келген жоқ.

 Аяужан ӘШІМОВА,

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі  облыстық филиаланың төрағасы

 Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Жоғары деңгейде ұйымдастырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар