TOKYO2020
1 мин оқу 312
Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы жеңілді
<p style="text-align: justify;">Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиада ойындарында командалық сайыста жеңіліс тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

26 шілде күні Токио Олимпиадасында отандық садақшылар ерлер арасында командалық сайыс бойынша бақ сынады. Үндістан құрамасына қарсы ойында Қазақстан қарсыластарына 6:2 есебімен есе жіберді.
Командалық бәсекеде ел құрама сапынан жарыс жолына Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганкин шықты.
Айта кетерлігі, аталған спортшылар жекелей сайыс бойынша жарысты жалғастырады. Садақ атудан жекелей жарыстың келесі айналымы 27 және 29 шілде күндері өтеді.
Бөлісу: