Қоғам
1 мин оқу 390

Мүгедектігі бар адамдардың құқығы қай салада жиі бұзылады?

<p style="text-align: justify;">Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері&nbsp;әлеуметтік инфрақұрылымдарға тексеру жүргізді. Нәтижесінде 379 нысанның ҚР &laquo;Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы&raquo; және &laquo;Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы&raquo; заңдарын 1918 рет бұзғаны анықталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;министрліктің ресми сайтына <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/233834?lang=kk">сілтеме</a> жасап.&nbsp;</p>

Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және көліктік қызмет көрсету нысандарында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан 469 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 312 тексеріс жоспарлы алдын алу-бақылау аясында және 157-сі азаматтардың өтініші негізінде жоспардан тыс жүргізілді.

Нәтижесінде ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының - 1603 рет және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңының 315 рет бұзылғаны анықталды.

1,5 мыңнан астам заңбұзушылық мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорт ғимараттарына кіріп-шығуын қамтамасыз етпеумен байланысты орын алған.

Анықталған заңбұзушылықтарды жоюға 379 нұсқама берілді, олардың 71-і бойынша жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Бөлісу: