Аймақтар
1 мин оқу 290

Павлодарда зейнеткерді қағып кеткен жүргізуші ұсталды

<p style="text-align: justify;">Жол апаты 25 шілдеде болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Полиция департаментінің мәліметінше, ВАЗ 21115 жүргізушісі Ермаков көшесіндегі тұрақта артқа қарай жүрген кезде 71 жастағы әйелді қағып кеткен.

- Ер адам жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынған, ал зардап шеккен адам дәрігерлерге жүгінген. Тексеруден кейін әйел адам үйге жіберілді, - деді департаментте.


Оқиға орнынан қашып кеткен облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны  болып шықты. Полицейлер көлікті айып тұрағына жіберіп, сараптама тағайындады.

ЖКО орнын қалдырған жүргізуші ҚР Әкімшілік кодексінің 611-бабының екінші бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады. Тәртіп бұзушыға 50 АЕК (145 850 теңге) айыппұл салынады немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Қандай жаза тағайындалатыны сотта шешіледі.

Бөлісу: