TOKYO2020
1 мин оқу 401
Боксшыларымыздың қарқыны жаман емес
<p style="text-align: justify;">Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

52 келіде сынға түскен Сәкен бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Айта кетелік, бүгінге дейін Серік Теміржанов (57 келі) пен Зәкір Сафиуллин (63 келі) Токио ойындарындағы алғашқы жеңісін еншілеген болатын.
Бөлісу: