TOKYO2020
1 мин оқу 203
Токио Олимпиадасы: Василий Левит бірінші жекпе-жекте нокаутпен ұтылды
<p style="text-align: justify;">Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Токио Олимпиадасын аяқтады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токиода бірінші айналымнан аса алған жоқ, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰОК-қа сілтеме жасап.</p>
91 келіде бақ сынайтын Левит Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын.
Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды.
Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға өтті.
Бөлісу: