Мемлекет басшысы Bolashaq saraiy ғимаратына барды
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында балалар мен жасөспірімдерге арналған 1172 орындық сарайды аралап көрді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың <a href="https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-bolashaq-saraiy-gimaratyna-bardy-2765757" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">баспасөз</a> қызметіне сілтеме жасап.</p>
Мемлекет басшысына көрме залы, 3D жобалау лабораториясы, киберқауіпсіздік, Lego Mindstorms, өнеркәсіптік интернет заттары, электроника және жаңартылған энергия көздері кабинеттері таныстырылды.
Балалар Көкшетаудағы бұл сарайда ғылыми-зияткерлік, шығармашылық және спорт бағыттары бойынша жұмыс істейтін 76 үйірмеден қосымша білім алады. Сонымен қатар жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізіледі.
Президент сарайдағы шәкірттермен онлайн режимінде сөйлесіп, олардың оқуына табыс тіледі.



