TOKYO2020
1 мин оқу 290
Испандық боксшы қазақстандық Василий Левитті нокаутқа жіберді
<p style="text-align: justify;">Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі үшін Токио Олимпиадасы соңына жетті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токио ойындарының бірінші айналымында сүрінді , деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

91 келіде бақ сынаған былғары қолғап шебері Левит Испания намысын қорғаған кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын.
Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды.
Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға жолдама алды.
Бөлісу: