Оқиға
1 мин оқу 405

«Терезе ашпаңыздар»: Химиялық зауытта жарылыс болды

<p style="text-align: justify;">Германияда Кельнге жақын Леверкузендегі Chempark Currenta зауытында қауіпті қалдықтарды өртейтін зауыт жарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Солтүстік Рейн-Вестфалия полиция қызметінің <a href="https://twitter.com/polizei_nrw_k">туиттердегі жазбасына</a> сілтеме жасап.</p>

Билік «төтенше қауіп» туралы ескерту жасады және жергілікті тұрғындардан есік-терезе ашпауын сұрады. Буршейд пен Лейхлингенті түтін басып кетті. А1, А3, А59 автобандары жабық.

в

Зауыттың өрт сөндіру қызметі сол жерде жұмыс істеп жатыр. Шалғай аудандардан келген өрт сөндіру машиналары да көмек көрсетуде.

ы

Жарылыс сейсенбі күні таңғы сағат 9: 30-да болған. Оқиғаның неден болғаны белгісіз. Полиция бірнеше құрбан барын айтты.

Бөлісу:
«Терезе ашпаңыздар»: Химиялық зауытта жарылыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар