Аймақтар
1 мин оқу 1,052

Жамбыл облысында кене шағу дерегі көбеюде

<p style="text-align: justify;">Биыл өңірде 257 адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жамбыл облысында кене шағу дерегі көбеюде

Оның 159-ы 14 жасқа дейінгі балалар болып отыр. Кене шағу бойынша биыл Тараз қаласының аумағында 143, Байзақ ауданында 29, Сарысуда 28, Мойынқұмда 15, Т.Рысқұлов, Шу, Жамбыл аудандарында 9, Қордайда 7, Талас ауданында 6 және Меркі ауданында 2 жағдай анықталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, улы жәндіктен зардап шеккендер 14 күн медициналық бақылауда болуы тиіс екен. Бүгінде кенеден зардап шеккен 257 адамның 188-і аталған мерзімнің өтуіне байланысты бақылаудан алынған.

Ағымдағы жылы қора-жайлар мен төрт түліктерден арнайы бригаданың көмегімен 28509 астам жәндік алынып, тексеруге жіберілген. Зерттелген 2595 кененің 52-сінен қырым қанды қызбасының белгілері табылған.

Бөлісу:
Жамбыл облысында кене шағу дерегі көбеюде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар