ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы ауысты
<p style="text-align: justify;">ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық өзгерістер орын алды. Мемлекет Басшысының тиісті өкімдері <a href="https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysynyn-okimderimen--2763458" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорда</a> сайтында жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Сәкен Саинұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.