Саясат
2 мин оқу 254

Әділ де бәсекеге толы күрес

<p style="text-align: justify;">Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясында тұңғыш рет өткізілген ауыл әкімдерін сайлау қоғамда зор қызығушылық туғызды.</p>

Әділ де бәсекеге толы күрес

Осыған орай, «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының өкілдері 25 шілдеде өткен саяси іс-шараға тұңғыш рет байқаушы болып, ерекше ынта-ықыласпен қатысты. Ауыл әкім­дерін тікелей сайлайтын, қоғамды демо­кратияландыруға бас­тай­тын бұл сайлаудың маңызы үл­кен екендігін ескере отырып, біз сай­лау басталардан бір ай бұрын жан-жақты дайындық жұ­мысын бастадық. Сайлау­ға қа­ты­сатын байқаушыларды ар­н­айы курстан өткізіп, заң та­лап­тарын түсіндірдік. Бұл семинарларға бұ­рынғы тәжі­ри­белі байқаушылар да қа­тысып, өз ой­ларымен бөлісті. Со­ны­мен қатар байқаушы кодексі әзір­ленді, онда бай­қаудың негізгі қа­ғи­даттары қамтылды: ашық пікір біл­діру, яғни кандидаттардың немесе сая­си пар­тияның ешқайсысына ар­тық­шы­лық бермеу, барлық заң бұзу­шы­лық­тарды тиянақтау, бұл рет­те сай­лау ко­мис­сиясына және сай­лау про­цесі­нің басқа да қаты­су­­шы­­ларына кедергі жасамау ескертілді.

Алдын ала 278 стационарлық бай­қаушы мен 100 мобильді бай­қаушыны даярладық. Оларға «Байқаушы кодексінің» қағи­даттары түсіндірілді. Сөйтіп, байқау­шылар облыстың әр айма­ғын­дағы 79 сайлау бөлімшесінде өз жұмысын адал атқарды.

Айта кетейік, біз бұл саяси науқанға тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысқан облыстық Аза­маттық альянс заңды тұлғалар қауым­дастығы мүшелерімен бірге ат­салыстық. Олар да әкім­дер сай­лауының заңдылығын бақы­лау үшін 158 еріктіге жолдама беріп, оқу-әдістемелік материал­дармен қамтамасыз еткен болатын.

Сайлау барлық ауылда бел­сенді жүрді. Әр тұрғын өз кан­ди­­датурасы үшін дауыс беруге мүм­кіндік алды. Сайлау­шы­лар­дың 81,3 пайызы да­уыс беру құ­қығын пайдаланды, бұл – жо­ғары көрсеткіш. Сайлау заң бұзу­шылықтары байқалған жоқ, ашық, шынайы, демократия­лы түрде өтті. Ауыл болашағы – ел­дің болашағы. Сондықтан біз ба­сынан соңына дейін бұл нау­қан­­ды жіті бақыладық. Ең соң­­ғы санау жұмысына да белсене қа­­­тыс­тық. Бәрі әділ өтті. Өңірде­гі, алыс ауыл­­дардағы әрбір бай­қау­­шы­­­мыз­­­бен ақпарат алысып, жұмыс істе­дік.

Сайлау әділ және бәсекелі кү­ресте өтті және жер­гілікті халықтың үлкен қызы­­ғу­шылығын тудырды. Еліміз демо­кратиялық даму жолымен алға тағы бір нық қадам жасағаны анық.

Мұхтар ДӘУЛЕТЖАНОВ,

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы

 

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Әділ де бәсекеге толы күрес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар