Аймақтар
1 мин оқу 173

Павлодар облысында есірткі сатты деген күдіктілер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Павлодар қаласында арнайы-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс аумағында гашиш өткізді деген күдікті 30 және 36 жастағы екі ер адам ұсталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &nbsp;<a href="http://xn--avlodarnews-foj.kz/">Рavlodarnews.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

- Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде жедел қызметкерлер 3 келі есірткі тауып, тәркіледі. Сондай-ақ Ақсу қаласында 41 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ер адамнан 9 келіге жуық есірткі заты - марихуана тәркіленді, - дейді департаментте. 

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері  өңірде барлығы 65 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 61 келіден астам есірткі құралдары алынды.

Бөлісу:
Павлодар облысында есірткі сатты деген күдіктілер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар