Аймақтар
1 мин оқу 520

Ауласына есірткі еккен түркістандық сотталды

Түркістан облысында үйінің ауласына есірткі еккен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзіне бекітілген аумақта рейд жасап жүрген учаскелік полиция инспекторы Түркістан ҚПБ-ға хабарлама түсірді. Ол өзінің хабарламасында аулаларды аралап жүргенде жергілікті тұрғынның ауласында есірткіге ұқсас затты байқағанын жеткізді.

Ақпарат түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Осылайша, күдікті наркологиялық диспансердің есебінде тұратын жергілікті тұрғын болып шықты.

Ауласынан тәркіленген есірткі тектес 22 түп сот-сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде есірткінің сора екені анықталды.  Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді.

Бөлісу:
Ауласына есірткі еккен түркістандық сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар