Аймақтар
1 мин оқу 340

Атырау облысында қарасора өртелді

<p style="text-align: justify;">Атыраулық шекарашылар 50 мың түп қарасора өсімдігін өртеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысында қарасора өртелді

Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің Құрманғазы ауданындағы қызметкерлері Сафон ауылдық округінің аумағындағы 3 гектарға өсірілген есірткі алқабын анықтады.

«Есірткі алқабында 50 мың түп қарасора өсімдігі өсірілген. Бұл бейжай қарайтын жайт емес. Әсіресе, 20-35 жас аралығындағы жастардың есірткі өнімдеріне қызығушылық танытуы түйткілді мәселеге айналып отыр. Құрманғазы ауданында есірткі өнімдерін сатуға қатысты 6 қылмыс тіркелген. Сол себептен, есірткі өнімдерін тамырымен жойып, контрабандалық қылмыстардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді»,  дейді Шекара қызметі Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Өмірбат Айтәлі.

Бөлісу: