Аймақтар
1 мин оқу 310
Атыраудағы дүкенде электрошокер заңсыз сатылған
<p style="text-align: justify;">Атырау полицейлері заңсыз электрлі қаруды сатқан дүкенді анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ғаламторда жарияланған жарнамаларға талдау жүргізілген.
«Әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы ғаламтордағы жарнамаларды талдау кезінде Атырау қаласында орналасқан аңшылар мен балықшылар дүкенінде электрошокерді заңсыз сату дерегін анықтады. Заңсыз сатылымнан 20 дана электрошокер тәркіленді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Енді заңды тұлға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 482-бабымен жауапкершілікке тартылмақ.
Бөлісу: