Тарбағатай ұлттық паркі 9 мың гектарға қысқарады
<p style="text-align: justify;">«Республикалық маңызы бар Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын азайту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп жазады <a href="/">Egemen.kz</a>.</p>
Тарбағатай ГӨЗ шекарасында орналасқан Қызылқайың кен орнында пайдалы қазбаларды (алтын, мыс, молибден, полиметалл кендері) барлау жұмыстары басталады.
«Осыған байланысты Тарбағатай ұлттық паркі аумағынан 9 363 га тау-кендік жер телімін шығару қажет, бұл ретте қорықтың ауданы өзгеріп, 230 637 гектарды құрайды», деп жазылған құжатта.
Тарбағатай мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалы - ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Оның басты міндеті - флора мен фаунаның алуан түрлілігі бар табиғи кешендерді, сондай-ақ бірегей табиғи ландшафтарды бастапқы күйінде сақтау.
«Бұл жағдайда табиғатты қорғау мен тау-кен жұмыстарын үйлестіру мүмкін емес», деп түсіндіреді жоба авторлары.
Айта кетейік, құжат 2021 жылдың 10 тамызына дейін талқылауға ашық.