Қазақстанда әр екінші адам вакцина алған - ДСМ
<p style="text-align: justify;">Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау науқанының барысы туралы айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Әрбір екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды», деді А. Цой.
Министрдің айтуынша, бүгінде 8,6 млн доза вакцина қолданылған. Оның ішінде 5 230 750 адам бірінші компонентін алған. Бұл зерттелетін халықтың 52,8% құрайды. Екінші компонентті 3 436 617 адам салдырды.
Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы вакцинация орталықтарында екпенің шамамен 713 мың бірінші дозасы және 1,3 миллион екінші дозасы бар деп қосты.