Әлем
1 мин оқу 334
Google барлық кеңсе қызметкерін вакцина алуға міндеттеді
<p style="text-align: justify;">Google-ге тиесілі Alphabet корпорациясы барлық кеңсе қызметкерін коронавирусқа қарсы вакцина алуға міндеттеді. Бұл туралы директор Сундар Пичай компанияның <a href="https://www.blog.google/inside-google/company-announcements/vaccines-and-our-return-to-office-plans/">блогында</a> жариялады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Біздің кампуста жұмыс істеуге келген кез келген адамға вакцина егу керек», деп жазды Пичай.
Оның айтуынша, мұндай ережелер АҚШ-та алдағы апталарда, ал басқа аймақтарға алдағы айларда енгізіледі.
Сонымен бірге, қашықтан жұмыс режимі 18 қазанға дейін ұзартылады.
Бөлісу: