Әлем
1 мин оқу 280
Netflix актерлерді вакцина алуға міндеттеді
<p>Netflix актерлерін коронавирусқа қарсы вакцина алуға міндетті. Бұл туралы <a href="https://deadline.com/2021/07/netflix-to-require-covid-vaccinations-for-all-actors-on-us-productions-1234801577/">Deadline</a> хабарлайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Әрі қарайғы жұмыс үшін артистердің қасында жүретін қызметкерлер де вакцина алуы керек.
Бұл талаптар медициналық, діни немесе жас ерекшеліктеріне байланысты кейбір қызметкерлерге қолданылмайды. Басылымның ақпарат көзіне сәйкес, жаңа ережелер өндіріс сатысында тұрған кейбір сериалдар мен фильмдерге де қолданылмауы мүмкін.
Осылайша, Netflix жалпыға ортақ вакцинация саясатын жүзеге асырған бірінші голливудтық ірі студия болды.
Бөлісу: