Атырауда зейнеткерді тонаған жігіт қамалды
<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 12:00 шамасында 71 жастағы зейнеткерді тонап кеткен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Белгісіз ер адам зейнеткерді жерге құлатып, телефонын тартып алған. Сөйтіп, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті азаматты ұстады. Күдікті Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір зейнеткерді тонаған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.