Аймақтар
1 мин оқу 1,474
Атырауда жансақтау бөлімінде 80 науқас жатыр
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өңірде 2 922 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарлар бар. Қазір стационарларда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 444 науқас оқшауланған. Мұндағы жүктеме 49,4%-ды құрап отыр.
«Инфекциялық стационарлардың 114 орындық жансақтау бөлімінде коронавируспен ауырып, жағдайы нашарлаған 80 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 12 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 70,2%-ға жетті» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бөлісу: