Оңтүстік Кореяда Қазақстанның Құрметті консулы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">29 маусымда Сеулдегі ҚР Елшілігінде Құрметті консулдың патентін және «Dongil Highvill» Оңтүстік Кореялық компаниясының Президентіне экзекватура тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Кореядағы елшілігіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/223857?lang=kk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы жаңадан тағайындалған құрметті консулы Ко Донг Хён Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қарым-қатынасы тарихындағы осындай маңызды лауазымға алғашқы болып тағайындалды..
Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Құрметті консулының негізгі қызметі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты күшейтуге, сондай-ақ экономика, мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.
Құрметті Консул жұмысының юрисдикциясына Чхунчхоннам-до, Чхунчхонбук-до, Чхолланам-до, Чхоллабук-до, Кёнгсаннам-до, Кёнгсанбук-до және Канвон-до провинциялары кіреді.