Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады
<p style="text-align: justify;">Сыртқы істер министрлігі «Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Құжатта «Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығының ашылуы, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының консулдық қызметінің осы саладағы қызметін күшейтеді, сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық (қазақстандық экспортты жылжыту, инвестицияларды тарту және бірлескен кәсіпорындар құру) саласындағы жұмыстарды жүйелі түрде құруға мүмкіндік береді», деп жазылған.
Консулдық мекемені ашуға байланысты іс-шаралар «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бөлінген ақша қаражаты шегінде жүзеге асырылатын болады.
Жарлық жобасы «Ашық НҚА» веб-сайтында 12 тамызға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.