Әлем
1 мин оқу 233

Иракта әскери тікұшақ апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Бортында бес сарбазы бар тікұшақ Ирактың солтүстігіндегі Амерли қаласында құлаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://shafaq.com/en/Iraq-News/Five-Iraqi-soldiers-die-in-a-combat-mission-in-Saladin" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Shafaq News</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, тікұшақ Салах-ад-Дин провинциясында құлап, апат салдарынан өртенген. 

Құтқару операциясы кезінде тікұшақтан бес әскери орган қызметкернің денесі шығарылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың арасында армияның екі офицері - майор мен полковник болған. 

Ирактың біріккен күштері қолбасшылығы тікұшақтың жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде құлағанын жеткізді.

Бөлісу:
Иракта әскери тікұшақ апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар