Жапониядағы нөсер жауын салдарынан 64 мың адам эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Фукуи префектурасы 15 ауданының 64 мыңнан астам тұрғыны нөсер жауын салдарынан эвакуациялануға мәжбүр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://mainichi.jp/english/articles/20210729/p2a/00m/0na/002000c" target="_blank" rel="noopener noreferrer">The Mainichi</a>-ге сілтеме жасап.</p>
Жапонияның метеорология агенттігі нөсер жаңбырдың көп түскені туралы қысқа уақыт ішінде ескерту жасады. Мұндай мәлімдеме таңғы сағат 6:10-ға дейін Фукуи қаласының аудандарына шамамен 100 миллиметр жауын-шашын түскеннен кейін жасалды.
Эвакуациялау туралы бұйрық беру – 5 деңгейлі ескерту жүйесінде маңызы бойынша екінші ескерту. Фукуи префектурасында 150 миллиметрге дейін жауын-шашын, Тояма және Исикава префектураларында 100 миллиметрге дейін жауын-шашын болады деп күтілуде.