Әдебиет
1 мин оқу 372

Букер сыйлығы кімге бұйырады?

<p style="text-align: justify;">Биылғы Букер сыйлығының лонг-тізімі жарияланды. Марапатқа ұсынылған 158 шығарманың 13-і іріктелген ұзын тізімге енді. Оның ішінде жақында ғана орыс тілінде жарыққа шыққан Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуроның &laquo;Клара мен күн&raquo; романы бар.</p>

Букер сыйлығы кімге бұйырады?

 Ал қалғаны көбінесе нәсілдік мәселелерді қамтыған тарихи проза. Бұл жолғы авторлардың географиясы әртүрлі: АҚШ, Оңтүстік Африка, Канада, Шри-Ланка, Ұлыбритания елдерінен қатысқан. Номинанттардың толық тізімі сыйлықтың ресми сайтында тұр. 

Букер сыйлығының қысқа тізімі 14 қыркүйекте жарияланады. Ал 3 қарашада жеңімпаз анықталмақ. Лауреатқа 50 мың фунт (69 мың АҚШ доллары) сыйақы табысталады.

Айта кетейік, Букер сыйлығы 1968 жылы тағайындалған еді. 2014 жылдан бері кітабы Ұлы­британияда жарияланған кез келген ағылшынтілді жазушы қатыса алады. Ал бұрын бұл марапатты тек ұлыбританиялық, ирландиялық және Британ Достастығына кіретін елдердегі  авторлар алуға үмітті еді.

Бөлісу:
Букер сыйлығы кімге бұйырады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар