Аймақтар
1 мин оқу 340

Көлік ішінде қару жасырған шымкенттіктер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Шымкенттік полицейлер көлік ішінде тапанша ұстаған екі тұрғынды анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/shymkenttik-politsejler-eki-turghynnyng-koliginen-qaru-tapty/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Шымкент ҚПД ЖПҚБ-на қарасты Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шара барысында рейдттік жұмыстар ұйымдастырды.

Нәтижесінде, RAVON R3 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктен бір қорап оқ-дәрі шықты.

Сол сияқты Lada Granta автокөлігі тоқтатылып, автокөлік ішінен қаруға ұқсас зат бар екендігі анықталған.

Аталған автокөлік иелері Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Көлік ішінде қару жасырған шымкенттіктер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар