Қазақстан
1 мин оқу 730

Тамыз айының басында аптап ыстық болады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 31 шілде - 2 тамызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тамыздың басында елдің батысына қарай Иран аймақтарынан жылы және құрғақ ауа массалары акеле бастайды. Ол ауа температурасының 33-38, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтерілуіне әкеледі. Күн райы жауын-шашынсыз болады.

«Алайда республиканың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады. Мұнда жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Елдің кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с, шаңды дауыл болады.

Ауаның күндізгі температурасы солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, ал оңтүстікте 35-40 градусқа дейін ыстық сақталады.

Бөлісу:
Тамыз айының басында аптап ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар