Видео
1 мин оқу 324
Атырауда зейнеткерді тонау сәті видеоға түсіп қалды
<p style="text-align: justify;">71 жастағы зейнеткерді тонаған атыраулық тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
28 шілде күні сағат 12:00 шамасында белгісіз біреу 71 жастағы зейнеткердің қолынан телефонын тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті азаматты бірден қолға түсірді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ашық жымқырған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бөлісу: