Жаңалықтар
1 мин оқу 211

Митрополитпен кездесті

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.

Жүздесушілер Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына сәйкес қазіргі заман­дағы ең өзекті мәселелер бойынша дінаралық үнқатысуды дамытудың келешегін талқылады. Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хат­шылығының кезекті отырысы үстіміздегі жылғы 17-18 қыркүйекте болатыны және оның барысында 2015 жылғы Съез­дің өтетін нақты мерзімі анық­та­латыны туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың Мәскеу және Бүкіл Ресей Пат­риар­хы Кириллмен кездесуі үшін биылғы жылдың соңында Мәскеуге сапармен бару мүм­кін­дігі талқыланды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Митрополитпен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар