Аймақтар
1 мин оқу 443

Ішімдік ішкендерге жаза қатал

<p style="text-align: justify;">Шығыстағы ОВ-156/16 мекемесінде көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған азаматтардың 42-сі темір торда жазаларын өтеп отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ішімдік ішкендерге жаза қатал

Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған азаматтар алкогольден, есірткіден масаң күйде көлік тізгініне отырып, ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотталған.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта қылмыстық істер жүргізіліп жатқан 12 адам ОВ-156/1 мекемесіне (тергеу изоляторына) қамалды.

– Ішімдік ішіп, рөлге отырған адам өз өмірін ғана қатерге тікпейді, өзгелерге де қауіп төндіреді. Ішімдік ішпес бұрын, осыны ойлансаңыздар ғой. Айта кету керек, бұл қылмыс үшін заң алдында қатаң жазалау қарастырылған, – дейді ОВ-156/1 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы әділет капитаны Ж. Сейтқазинов.

Бөлісу:
Ішімдік ішкендерге жаза қатал · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар